«Елтану» экспедициясының мүшелері Маңғыстаудың киелі жерлерін аралады

30 Қазан 2019, 10:19 3158

Атырау облысы Қазақтан халқы ассамблеясының «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы «Елтану» республикалық туристік - өлкетану жобасы аясында екікүндік «Атырау – Маңғыстау» туристік-өлкетану экспедициясын ұйымдастырды.


Ұйымдастырушылардың ақпаратына сәйкес, эскпедицияның мақсаты – өзге ұлт өкілдері жастарына төл тарихымызды кеңінен насихаттау, патриотиз сезімін қалыптастыру.


Киелі Маңғыстау өңіріне бет алған жастар алдымен Ақтау қаласындағы Ақеспе – Шақпақ ата жер асты мешіті - Бектеміс Ержан Хазірет үйін, Күйеу там - Шопан ата мешіті – Баян баба-Оғыланды, Бекет ата жер асты мешіттерін аралап, тағзым етті. Әр этнос өкілдерінен құралған экспедицияға ұзын саны 25 адам қатысты.



Бөлісу: