Елші Шахрат Нұрышев: Қазақстан-Қытай іскерлік кеңесінде 40-тан астам құжатқа қол қойылды

2 Шілде, 18:14 15436

Қазақстанның Қытайдағы төтенше және өкілетті елшісі Шахрат Нұрышев бүгінгі іскерлік кеңеске Қытайдан 500-ден астам қонақтар келгенін және 70-тен астам ірі қытайлық компаниялар қатысып жатқанын атап өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Елшінің сөзінше, бұл екі мемлекеттің кәсіпкерлер арасындағы байланысты нығайтатын сауда-экономикалық және ынтымақтастық, инвестиция, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы саласындағы жаңа жобаларға жол ашатын алаң екенін айтты.

Бүгін 40-тан астам құжатқа қол қойылды. Олардың жалпы сомасы 5,5 млрд доллардан асады. Бұл – жаңа жобалар. Үлкен компаниялар арасында Қазақстанның облыстарының, әкімдіктерімен, қытайлық компаниялардың арасында индустриялдық бағыттар құру, елімізде жаңа өндіріс орындарын ашу сияқты жаңа келісімдерге қол қойылды. Қытайдың төрағасы осы жолы елімізге 5-ші мемлекеттік сапармен келіп отыр. Қазақстан мен Қытай арасындағы қарым қатынас өте тығыз, – деді өкілетті елші.

Сонымен қатар Шахрат Нұрышев былтырғы жылы екі мемлекет арасындағы тауар айналымы 41 млрд АҚШ долларға жеткенін атап өтті.

Ертең мемлекет басшыларының арасында келіссөздер болады. Келіссөздер кезінде сауда, экономикалық, көлік, ауыл шаруашылығы, энергетика саласындағы ынтымақтастықты жаңа бір белестерге жеткізу бойынша уағдаластық болатынына сенемін. Сауда айналымының жаңа мақсаттары қойылады деген жоспар бар, – Қазақстанның Қытайдағы төтенше және өкілетті елшісі Шахрат Нұрышев.

Амангүл Тілейқызы
Бөлісу: