Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында жедел жәрдем қызметінің маңызы туралы жазды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әкімнің жазуынша, жедел жәрдем станциясының автопаркі 146 автокөліктен тұрады. Олардың бір бөлігі жөндеуді қажет етеді.
Биыл автокөлік санын арттыру үшін 47 жедел жәрдем машинасы сатып алынды. Олардың 27-сі қазірдің өзінде жеткізілді, тиісінше шақыртуларға шығуға дайын. Қалған бөлігі алдағы аптада жеткізіледі. Көліктердің бәрі шақыртуларға жылдам әрі тиімді көмек көрсететін заманауи жабдықтармен жабдықталған. Сол сияқты жақын арада қолда бар 20 көлік те жөндеуден өтеді, - делінген мәліметте.
Ал соңғы жылдары жедел жәрдем паркі 90 автокөлікпен жаңартылды. Арнайы техниканы жаңарту жұмысын келесі жылы да жалғастырамыз.
Мемлекет басшысы денсаулық сақтау жүйесін дамыту, дәрігерлерге жан-жақты қолдау көрсету мемлекеттің басым міндеттерінің бірі екенін ерекше атап өтті. Біз медицина қызметкерлері мен науқастарға қолайлы жағдай жасау бойынша жұмысты жалғастырамыз. Алдағы жылдары Астанада бірқатар денсаулық сақтау нысанын, оның ішінде перинаталдық орталықтар, емханалар, көпбейінді ауруханалар, олардың бірі – балалар ауруханаларын салуды жоспарлап отырмыз, - деп жазды Астана әкімі.