9 шілдеден бастап «Жайлы мектеп» жобасы аясында салынған Төле би көшесінде (Зеленый квартал) орналасқан №101 орта мектепке құжаттар қабылдау басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қалалық Білім басқармасының мәліметінше, құжаттарды қабылдау тек қағаз түрінде жүргізілгендіктен, бұл кезектің пайда болуына әкеп соғуда.
Egov электрондық жүйесінде мектепке тапсыру үшін құжаттарды қабылдау тек 1-сыныптар үшін қарастырылған. Баланы бір ұйымнан екінші ұйымға ауыстыру жөніндегі мемлекеттік қызмет автоматтандырылмаған.
Қазіргі уақытта ата-аналардан құжаттарды қабылдайтын адамдардың саны екі есеге артты, сондай-ақ 11 шілдеден бастап жұмыс істей бастайтын "SmartNotion" құжаттарды қабылдаудың автоматтандырылған порталын іске қосу бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Құжаттарды қабылдауға және білім беру ұйымдарына оқуға түсуге электрондық өтініш беру нұсқаулығымен мына сілтеме бойынша танысуға болады https://mektep.snation.kz/ru/ala/faq.
Электрондық қабылдау сегіз жаңа жайлы мектепте жүргізіледі: