Елорданың әлеуметтік кәсіпкерлер қатарына өтінімдерді қабылдау басталды

8 Ақпан, 01:43 582

Астанада 2024 жылдың 1-15 наурыз аралығында кәсіпкерлерді әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізу конкурсы өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімі – бұл жеке кәсіпкерлер мен әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері болып саналатын заңды тұлғалар туралы мәліметтерді қамтитын электрондық деректер базасы.

Әлеуметтік кәсіпорын мәртебесі әлеуметтік осал санаттағы қызметкерлерді жұмыспен қамтуды қамтамасыз ететін; олар өндірген өнімді сататын немесе халықтың осындай топтары үшін тауарлар шығаратын және қызметтер көрсететін; қоғамдық пайдалы, білім беру және мәдени-ағарту қызметін жүзеге асыратын кәсіпкерлерге берілетінін атап өткен жөн.

Бұл мәртебе мемлекет тарапынан қолдау болатынына сенімділік береді. Әлеуметтік кәсіпорындар үшін арнайы қолдау шаралары қалыптастырылды (5 млн теңгеге дейінгі мемлекеттік гранттар, жеңілдікті шарттардағы үй-жайлар, жеңілдетілген кредиттер).

Өз кәсіпорныңызды ресми түрде әлеуметтік деп қалай тануға болады:

* Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасына құжаттарды тапсыру;
* Құжаттарды техникалық тексеру;
* Арнайы комиссия отырысы;
* Кәсіпорынды әлеуметтік деп тану, әлеуметтік кәсіпорындар тізіліміне енгізу.

Әлеуметтік кәсіпорындар тізбесіне кіруге өтінімді Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 11, 113 кабинет (кеңсе) мекенжайы бойынша беруге болады. Байланыс телефоны: +7 (7172) 556 903 (Ішкі 10 және 21).

Өтінімді және құжаттар топтамасын қабылдау мерзімі: 2024 жылдың 1-15 наурыз аралығында көрсетілген мерзім өткеннен кейін келіп түскен өтінімдер қабылданбайды.

Перизат Саденова
Бөлісу: