Елорданың ҚХА этномәдени бірлестіктерінің есеп беру концерттері үлкен Гала-концертпен аяқталды

11 Маусым 2019, 11:18 3333

Нұр-Сұлтан қаласының «Жетісу» саябағында қала әкімдігі мен Мәдениет және спорт басқармасының қолдауымен, Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы ассамблеясы этномәдени бірлестіктерінің шығармашылық топтары қала тұрғындары мен қонақтарына мерекелік Гала-концерт ұсынды.

Концерттің ашылуында сөз алған Нұр-Сұлтан қаласы ҚХА хатшылық меңгерушісі Л. Құсайынова және қала әкімдігінің жанындағы «әҚоғамдық келісім» КММ директоры Н. Айдашев елордалықтарды мерекемен құттықтай отырып, белсенділік танытқан этномәдени орталықтың шығармашылық ұжымдарын қала әкімінің лғыс хатымен марапаттап, сыйлықтар табыс етті.


Гала-концертке Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің, этномәдени бірлестіктер мен жастар қанатының өкілдері қатысты.


Кеш соңында ҚХА Төрағасының орынбасарлары Ю. Келигов және Ш. Пулатов құттықтау сөз сөйлеп, татулық пен бірліктің туын әрдайым ұстанатын барша қазақстандықтарға жылы лебіздерін жеткізді.


Естеріңізге сала кетейік, мамыр айынан бастау алған Нұр-Сұлтан қаласының Ассамблеясы этномәдени бірлестіктерінің есеп беру концерттері елордамыздың бірқатар саябақтарында әр аптаның жексенбісі сайын жалғасын тауып келді.


Нақтырақ айтсақ, елорда тұрғындары мен қонақтарына арнап «Студенттер» саябағында 5 мамыр күні татар-башқұрт, славян және шешен-ингуш, 12 мамырда украин және неміс, 19 мамыр күні «Жерұйық» саябағында дала казактары мен корей, «Жетісу» саябағында 26 мамыр күні өзбек, грузин, поляк және қарақалпақ, 2 маусымда ұйғыр, қырғыз, еврей және белорус этномәдени бірлестіктерінің шығармашылық топтары өз өнерлерін ортаға салған еді.


Бөлісу: