23.01.2024
12:28
1228
Елордалықтарға жер сілкінісінен қорқудың қажеті бар ма?

Елордалықтарға жер сілкінісінен қорқудың қажеті бар ма?

Бұл сауалға ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек жауап берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ведомство басшысының сөзіне қарағанда, астаналықтарға жерасты дүмпулерінен қорқудың қажеті жоқ. Себебі бас қала берік Тұран платформасында орналасқан.

Министрдік айтуынша, астаналықтар жерасты дүмпулерінің толқынын ғана сезінген.