Елордалықтар 8 млрд теңгенің тегін дәрі-дәрмегімен қамтамасыз етілді

30 Шілде 2023, 20:20 883

Биыл 6 ай ішінде елорда тұрғындары 8 млрд теңгенің тегін дәрі-дәрмегімен қамтылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

2023 жылдың 30 маусымындағы жағдай бойынша Астана қаласында 156 500 пациент 508 262 рецептпен 8 млрд 042 млн теңге сомасына тегін дәрі-дәрмекпен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етілді, - деп атап өтті «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының» елорда филиалы.

Оның ішінде тегін медициналық кепілдендірілген көмек көлемінде 7,5 млрд теңге сомасына 476 623 тегін рецепт бойынша 144 563 пациент, МӘМС есебінен 406,6 млн теңге сомасына 22 768 тегін рецепт бойынша 14 412 ересек пациенттер және 113,4 млн теңгеге 6 484 бала 8871 тегін рецепт бойынша дәрі-дәрмек алды.

Сарапшыларымыз медициналық қызметтің қолжетімді болуы және оның сапасының жақсаруы, яғни пациент құқығы сақталуы үшін тұрақты жұмыс жүргізеді, – дейді елорда филиалының директоры Ербол Бекмұхамбетов.

Қор мәліметінше, емхана дәріханаларында барлық қажетті препараттар мен дәрілік заттар бар.

Берік Арманов
Бөлісу: