17.01.2024
18:19
964
Елордалық ТЖД "Крещение Господне" мерекесін тойлайтындарға ескерту жасады

Елордалық ТЖД "Крещение Господне" мерекесін тойлайтындарға ескерту жасады

Елордалық ТЖД  "Крещение Господне" мерекесін тойлайтындарға ескерту жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі ҚР ТЖМ telegram арнасына сілтеме жасап.

Астана қаласы ТЖД-нің хабарлауынша, жыл сайын 19 қаңтарда елорда тұрғындары мен қонақтары "Крещение Господне" православтық мерекесін атап өтеді. Жыл сайын бұл іс-шара барған сайын жаппай сипатқа ие болуда.

Сол себепті Астана қаласының ТЖД келесі сақтық шараларын сақтауды ұсынады:

  • Қажет болған жағдайда Сізге уақтылы білікті көмек көрсете алатын арнайы жабдықталған және қорғалатын шұңқырларда ғана шомылыңыз. Тұран даңғылы 8/2 мекенжайы бойынша Есіл өзеніндегі қалалық жағажайда 4 шұңқыры бар учаскесі ұйымдастырылды.
  • Шұңқырдан шыққан кезде біреу сізді сүлгімен және халатпен қарсы алғаны жөн;
  • Ешқашан секірмеңіз және басыңызбен алға қарай шұңқырға сүңгімеңіз;
  • Шұңқырда 1 минуттан артық болмаңыз;
  • Мас күйінде мұзды суға түсуге болмайды.

Шомылуға қатыспауды ұсынамыз:

  • Балалар мен қарт адамдарға;
  • Суыққа шынықпаған адамдарға;
  • Жүрек-қан тамырлары аурулары бар адамдарға.