Елордалық сауда орталығында туберкулезге қарсы күрес бойынша флешмоб өтті

16 Наурыз, 21:38 889

«Хан Шатыр» сауда-ойын-сауық орталығында «Туберкулезге жол жоқ» флешмобы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Астана әкімдігінің ресми сайты таратқан мәлімет бойынша, акция жұртшылықтың назарын осы ауруға аударуға, қауіп туралы хабарлауға және аурулардың алдын алуға бағытталды.

Акция аясында кез келген адам флюорографиядан тегін өтуге мүмкіндік алды. Ол үшін ғимараттың негізгі кіреберісінде жылжымалы флюорографиялық кабинет жұмыс істеді. Қабылдау 12:00-ден 15:00-ге дейін жүргізілді.

Туберкулезді, оның өршуін және таралуын әр адам күнделікті өмірде туберкулездің алдын алу туралы ақпаратты жақсы біліп, соны қолданған кезде ғана тоқтатуға болады. Бұл бірінші акция емес, осы іс-шараны әр күз және көктем сайын өткіземіз. Бронхит, плеврит, туберкулез, пневмонияны осы жерден анықтауға болады. Шамамен бір апта бұрын біздің жылжымалы кабинамыз Тельмнода сағат 8-ден 12-ге дейін қабылданды, қабылдауға 50-ге жуық адам келді, - деді рентген-зертханашы Ақерке Азмағамбетова.

Сауда орталығының ғимаратында туберкулезбен ауырған науқастардың рухани тәжірибелерін бейнелейтін «Дауыс фотосы» фотокөрмесі ұйымдастырылды. Ақпараттық-ағарту жұмыстары мақсатында мұнда балалар үшін викторина өткізіліп, әр қатысушы жүлдеге ие болды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, іс-шараның негізгі мақсаты - туберкулездің алғашқы белгілері туралы, медициналық көмекке уақтылы жүгінудің маңыздылығы, емдеу мен алдын алу шараларының тиімділігі туралы халықты барынша хабардар ету.

Естеріңізге сала кетейік, биылғы 24 ақпанда басталған туберкулездің алдын алу айлығы 24 наурызға дейін жалғасады. Бұл Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күніне орайластырылған.

Зарина Арман
Бөлісу: