01.10.2025
23:12
410
Елордалық құтқарушылар үйге кірген жарқанатты ұстап алды

Елордалық құтқарушылар үйге кірген жарқанатты ұстап алды

Астанадағы Есіл ауданында Әл-Фараби көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйдің бір пәтеріне жарқанат ұшып кіріп, өздігінен шыға алмай қалған, деп хабарлайды El.kz интернет порталы. 

Оқиға орнына жеткен құтқарушылар жарқанатты абайлап ұстап алып, табиғатқа жіберді. Мамандардың айтуынша, мұндай жағдай болғанда мына кеңестерді есте ұстау қажет:

  • жарқанатпен тікелей байланыста болудан аулақ болу;

  • балалар мен үй жануарларын басқа бөлмеге шығару;

  • тістеуден қорғайтын қолғап киіп, жануарды абайлап ұстап, бостандыққа жіберу.

Құтқарушылар тұрғындарды сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырды.