Елордалық құтқарушылар бүгін сағат 15:08-да Ақмола облысы Қараөткел ауылында ер адамның құдыққа түсіп кеткені туралы келіп түскен хабарлама бойынша шықты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Шақырту орнына келіп жеткен елордалық ТЖД 3-МӨСБ өрт сөндірушілері және жедел құтқару жасағының құтқарушылары ер адамның тереңдігі шамамен 5 метрді құрайтын құдыққа құлап кеткені анықталды.
Құтқарушылар жедел әрекет етіп, тереңге түсіп, ер адамның арқасына тасымалдау көтергішін бекітіп, бірлескен әрекеттермен құтқару арқанының көмегімен 1986 жылы туған ер адамды құтқарды.