Елордалық құтқарушылар өрттен бір газ баллонын шығарды

3 Тамыз, 18:49 578

Астана қаласының Байқоңыр ауданында екі пәтерлі жеке тұрғын үйде 90 шаршы метр алаңда шатырдан өрт шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Елордалық горнизонның өрт сөндірушісі бөлімше командирі Ербол Ахметжанов үйден бір газ баллонын қауіпсіз аймаққа шығарды. Зардап шеккендер жоқ.

Өрт толығымен сөндірілді. Себебі анықталуда. ТЖМ азаматтардан өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: