08.11.2024
23:14
996

Елордалық құтқарушылар 73 жастағы әжеге көмек көрсетті

Сарыарқа даңғылы бойындағы пәтерлердің бірінде 1951 жылы туған қарт адам өз пәтерінде құлап, өз бетінше тұрып, есікті аша алмаған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары аспалы құралдардың көмегімен есікті ашып, еденде жатқан әжені жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды.