Елордалық өрт сөндірушілер жанып жатқан пәтерден адамды құтқарды

25 Шілде 2023, 20:31 752

25 шілде сағ.15:55-те Астана қаласы ТЖД Өрт сөндіру бөлімшелері Байтұрсынов көшесінде пәтер өртеніп жатқаны туралы келіп түскен хабарламаға шықты, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі.

6 минуттан кейін шақыру орнына кезекші қарауыл келді. Онда 30 ш.м. аумақта үй жиһаздары, заттар жанып жатқаны анықталды.

Өрт сөндірушілердің күшімен өрт 16.28-де оқшауланып, 16.44-те сөндірілді. 

Өртті сөндіру барысында елордалық өрт сөндірушілер жанып жатқан пәтерден 1996 ж.т.пәтер иесі ер адамды құтқарды.

Өртті сөндіруге Астана қ. ТЖД жеке құрамның 22 адамы және 4 бірлік техникасы жұмылдырылды.

Перизат Саденова
Бөлісу: