01.02.2023
09:31
1233
Елордалық өрт сөндірушілер көпқабатты үйдегі өртті жойды

Елордалық өрт сөндірушілер көпқабатты үйдегі өртті жойды

Елордалық өрт сөндірушілер көпқабатты үйдегі өртті жойды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. Бұл туралы ТЖМ мәлімдеді.

30 қантарда елордалық өрт есептері сағат 14:32 минутта Е-753 көшесіндегі көп қабатты үйлердің бірінде жану орын алғаны туралы хабарлама бойынша шықты.

Елордалық ТЖД жеке құрамының 24 адамы және 3 бірлік техникасы келіп жеткенде көп қабатты үйдің 8 қабатында пәтерде есік ойықтарының жануы орын алғаны анықталды.

Өрт сөндірушілердің кәсіби іс әрекетінің нәтижесінде өрт 14:55-те жойылды.