Елордалық өрт сөндірушілер бұғыны оттан аман алып қалды

24 Маусым 2023, 09:17 891

Астана маңындағы қамыс өртін сөндіру кезінде төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері бұғыны тілсіз жаудан құтқарды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Аталған оқиға 2023 жылғы 21 маусымда сағат 19.00 шамасында болған. Елорда сыртындағы өртті сөндіру кезінде Астана қаласының №4 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамы қамыс өскіндерінің арасынан бұғы тауып алған.  

Қазіргі уақытта бұғы қауіпсіз жерде және Ақмола облыстық орман шаруашылығы аумақтық инспекциясының қызметкерлеріне аман-есен тапсырылды. 

Өрт сөндіруші-құтқарушылар үшін әрбір өмір иесі бағалы және олар әрқашан мұқтаж жандарға көмекке келуге дайын екенін мәлімдеді. 

Асқар Таудай
Бөлісу: