23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіАналар күніне орай елордалық мектеп оқушылары онлайн челлендж бастады – олар аналарына арнап видеоқұттықтаулар түсіріп, әлеуметтік желіде жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Балалар өлең оқып, ән салып, би биледі, естеліктері мен алғыс сөздерін айтты. Әрбір видеода балалардың махаббат сезіліп тұрды. Видеолардың көбісі шағын фильм ретінде түсірілді, арасында отбасылық және балалық шағындағы фотосуреттер жарияланды.
Видеожазбалар #AlgysAnama, #SpasiboMame, #AnagaQurmet, #АналарКүні хэштегтерімен жарияланды.
Мен анамның өзіне ғана емес, бұл туралы бәрі білетіндей алғыс айтқым келді, - дейді 7-сынып оқушысы Әлихан.
Мұғалімдер мен ата-аналар мұндай іс-шаралар балаларға аналық махаббатты бағалауға, сезімдерін көрсетуге және отбасымен рухани байланысты сақтауға көмектесетінін атап өтті.
Қазақстанда Аналар күні мерекесі дәстүрлі түрде мамыр айының екінші жексенбісінде тойланады. Биыл мереке 11 мамырға сәйкес келді.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады