Кеше, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Елордалық 19 жастағы азамат дүкеннен балаларға арналған жөргек ұрлаған, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Астана қаласы ПД Байқоңыр ауданы ПБ-ның тәртіп сақшылары жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ұрлықпен айналысқан 19 жастағы қала тұрғынын анықтаған.
Тергеу барысында жас жігіт сағат 17:30 шамасында Иманов көшесіндегі супермаркетте болғаны белгілі болды. Сауда алаңында сатушының жоқтығын пайдаланып, сөреден жасырын түрде 4 бума нәресте жөргектерін алып, дүкеннің артқы есігінен шығып, қашып кеткен. Алайда оның айла жасап, ұрлыққа барған әрекеті сол сауда алаңында орнатылған бейнебақылау камерасына түсіп қалған.
Камерада жас жігіттің сөреден нәресте жөргегін ұрлап, қойма арқылы шыққаны анық көрсетілген. Елордалық тұрғын ұрланған заттарды кездейсоқ өтіп бара жатқан адамдарға сатқан.
Бұл факті бойынша тергеу жүріп жатыр, аталған азамат кінәсін мойындады. Қазіргі уақытта оның елордада бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.
Кеше, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары