21.08.2019
11:15
3066
Елордалық ҚХА «Мектепке жол» қайырымдылық акциясын ұйымдастыруда

Елордалық ҚХА «Мектепке жол» қайырымдылық акциясын ұйымдастыруда

21 тамызда елордалық Достық үйінде (Б. Момышұлы даңғылы, 24\9) «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтеді.

Ұйымдастырушылардың ақпаратына сәйкес, акцияның негізгі мақсаты – әлеуметтік қолдауды қажет ететін және көпбалалы отбасыларына, сондай-ақ, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде материалдық және өзге де көмек көрсету.

Қайырымдылық акциясы барысында 46 баланы киім-кешекпен, оқу құралдарымен қамтамасыз ету жоспарланған. «Мектепке жол» акциясына этномәдени бірлестіктердің төрағалары белсенді қатысуда.