Елордалық Достық үйі бірыңғай ашық есік күніне шақырады

16 Қаңтар 2020, 17:24 3918

17 қаңтарда сағат 10:30-да елордалық Достық үйінде этномәдени орталықтардың, Қоғамдық келісім кеңесі, Аналар кеңесі, елордалық ҚХА Жастар қанаты мүшелерінің қатысуымен ҚХА еріктілер қозғалысы орталығының «Бірыңғай ашық есік күні» өтеді.

Іс-шара бағдарламасында еріктілер қызметінің тұсаукесері, осы жобаның мақсаттары мен міндеттерін түсіндіру жоспарланған.

Еріктілер төрт бағыт бойынша жұмыс атқаратын болады. «Бірлік» - әлеуметтік. Бұл қоғамдық-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыру және қатысу, мұқтаждарға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға, дүлей зілзалалар мен апаттардың құрбандарына көмек көрсету, тарихи ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру және т.б.

«Білім» - білім беру бағыты. Ол әр түрлі пәндер бойынша тегін сабақтар ұйымдастыруды, Достық үйі жанындағы тілдерді оқытуды, жетекші мамандардан бизнес-тренингтер ұйымдастыруды, мектеп оқушыларын кәсіби бағдарлау бойынша жұмысты, талапкерлерге ЖОО-ға түсу кезінде көмек көрсетуді, тәлімгерлік институтын танымал етуді және т.б. қамтитын болады.

«Тәрбие» спорттық бағыты аясында еріктілер спорттық-патриоттық іс-шараларды ұйымдастырады.

«Келісім» бағыты медиацияға қатысты. Ол даулар мен қоғамдық-әлеуметтік міндеттерді шешуге бағытталған.

Бөлісу: