Елордалық ақсақалдар отбасылық дауды шешуге көмектеседі

9 Қараша 2018, 03:27 1632

Елордалық ақсақалдар отбасылық дауды шешуге көмектеседі.

Байқоңыр ауданының ардагерлер кеңесі көршілер арасындағы дауларды реттеуге көмектесетін болады.

Аудандық ардагерлер кеңесінің мүшелері кәсіби медиатор Гүлайым Антаевамен кездесіп, ардагерлердің сотқа дейінгі тәртіпте тұрмыстық дауларды шешуге қатысу мәселелерін талқылады.

«Медиация рәсімі сотқа дейін істі қарауына қарағанда, көптеген артықшылықтарға ие. Бұл – уақыт, күш пен ақша үнемдеу. Соттың істі қарауы айларға созылуы мүмкін, ал медиацияның нәтижесі дереу сезіледі», – деп түсіндірді Г. Антаева.

Өз кезегінде аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сәрсенбай Мыңбаев ардагерлер отбасылық дауларды шешуге немесе көршілерді татуластыруға қатыса алатынын атап өтті.

astana.gov.kz

Бөлісу: