Елордалық полицейлер адамдарды алдаған алаяқты ұстады

5 Шілде 2022, 10:34 1082

Ұсталғандар Нұр-Сұлтан қаласы ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды

Елордалық полицейлер кезекті рет алаяқтық дерегін ашты, – деп хабарлайды El.kz порталы polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Полицияға елорданың екі тұрғыны әмиянды лақтырып, оларды алдаған алаяқтардың айла-амалдарына түскені туралы арызданды. Екі жағдайда да алаяқтар рөлдерді мұқият бөлісіп алып, бірдей схема бойынша жұмыс істеген. Құрбандарын олар банктен шыққандардың арасынан, сондай-ақ жалғыз жүрген әйелдерді таңдаған.

Күндізгі уақытта Республика даңғылындағы алаңға жақын жерден алақтың бірі әмиян тауып алған кейіп танытқан, ал жәбірленуші дәл сол кезде өтіп бара жатып, сол жағдайға куә болған. Содан кейін күдікті әмиянды жерден көтеріп алып, әйелден «оның мүлкі ма» деп сұрайды. Әмиянның ешкімге тиесілі емес екенін анықтағаннан кейін алаяқ ішіндегісін бөлісуді ұсынған. Осы кезде оның серіктесі әмиянның иесімін деп жақындап келіп, заттың оған тиесілі екенін және оған көп ақша салынғанын айтқан. 

Осылайша ол ұрлық жасады деп айыптап, әйелге тиесілі барлық ақшаны көрсетуді талап еткен. Жәбірленуші өзінің 600 мың теңгесін шығарып, әмиянды иесіне қайтарып, өзі ешнәрсеге кінәлі емес екенін дәлелдеген. 

Алайда әйел өз қаражатын қайта есептей келе, қаскүнемнің 274 500 теңгені қолды еткенін білген. Тағы бір осындай жағдайда келтірілген шығын 920 000 теңгені құраған. Жәбірленуші елордалық банк бөлімшелерінің бірінен бет алған әйел болған. Ол да ақшасының азайып қалғанын үйіне келгенде ғана білген.

Елордалық полиция қызметкерлері мұқият жүргізілген жедел іс-шаралар барысында күдіктілерді ұстады. Олар Алматы облысының 58 жастағы тумасы және соттылығы бар 44 жастағы ер адам болып шықты. Қазіргі уақытта ҚР ҚК 190-бабы «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Ұсталғандар Нұр-Сұлтан қаласы ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Олардың бұрын жасалған қылмыстарға қатыстылығы тексерілңп жатыр.

Бөлісу: