21.03.2024
22:47
818
Елордадан бір күнде 25 мың текше метр қар шығарылды

Елордадан бір күнде 25 мың текше метр қар шығарылды

Астанада түнгі ауысымда қала көшелерін қардан тазартуға 200-ге жуық жол жұмысшысы шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

22 наурызға қараған түні елорда бойынша қар тазалау жұмысына 200-ге жуық жол жұмысшы мен 600-ден астам арнайы техника жұмылдырылды.

21 наурыз күні елордадан 25 мың текше метр қар шығарылды, бұл екі мың ауыр жүк көлік рейсінен асып отыр. Қыс мезгілінің басынан бастап полигондарға барлығы 486 мың рейспен 6,5 млн текше метрден астам қар шығарылған.