27.08.2022
13:23
2045
Елордадан Алматыға жеткен ұшақ қозғалтқышынан құс іздері табылды

Елордадан Алматыға жеткен ұшақ қозғалтқышынан құс іздері табылды

Ұшақты тексеру кезінде қозғалтқыштан құстың қалдықтары табылды, деп хабарлайды El.kz

«Бүгін Нұр-Сұлтан -Алматы- KS 9960 рейсін орындаған Airbus A321LR ұшағын тексеру барысында қозғалтқышынан құс іздері табылды. Салдарынан қозғалтқыш қақпағы зақымдалды (майысып қалған)»,- деп хабарлады «Аir Astana» әуе компаниясының баспасөз қызметі.

Әуе компания мәліметінше, жөндеу жұмыстарын «Аir Astana» инженерлік-техникалық бөлімінің қызметкерлері жүргізеді.