Астанадағы жаңа мешітке Әбсаттар қажы Дербісәлінің есімі берілетін болды, деп хабарлайды El.kz Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының ресми сайтына сілтеме жасап.
Осы ретте Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Әбсаттар қажы Дербісәлі хазіреттің есімін республикамыздағы мешіттердің біріне беру жөнінде Төралқа мәжілісінде арнайы қаулы қабылдайтынын жеткіземін. Бұл ұстазымыздың есімін ардақтау жолындағы игі қадамның бірі болмақ, - деп атап өтті Наурызбай қажы Тағанұлы халықаралық ғылыми-теориялық конференцияда.
Айта кетерлігі, Әбсаттар қажы Дербісәлі - шығыстанушы, дінтанушы, әдебиет зерттеуші, жазушы, сыншы.
2000-2013 жылдары Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының төрағасы болған.