25.03.2023
13:14
1076
Елордадағы түнгі клубтардың бірінде мефедрон сатылған

Елордадағы түнгі клубтардың бірінде мефедрон сатылған

Күдіктінің жастар жиі уақыт өткізетін ойын-сауық мекемесінде жұмыс істегені анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.


Ол тұрақты тұтынушылары бар клубта мефедрон сатуды ұйымдастырған. 22 жастағы елорда тұрғыны ұсталды. Жеке тінту барысында жігіттің шұлығынан аса ірі мөлшердегі мефедрон есірткі заты тәркіленді.
Ол Астана қаласы ПД-нің УҰИ-на қамалды.
Аталған фактіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ол мүлкі тәркіленіп, 6 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.