Елордадағы Петров көшесі уақытша жабылды

18 Мамыр 2023, 18:49 705

Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Петров көшесіндегі жол төсеміне орташа жөндеу жұмысын бастайды. Осыған байланысты жол учаскесі уақытша жабылады. Бұл туралы Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Жұмыс Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қаланың ПҚҚ әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша жүзеге асырылады.

Жол төсемін жөндеу Петров көшесі бойында Жирентаев көшесінен Жұмабаев даңғылына дейінгі учаскеде жүргізіледі. Осыған байланысты осы жылдың 18-22 мамыр күндері аралығында аталмыш учаскеде көлік қозғалысы толығымен шектелетін болады.

Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.

EL.KZ
Бөлісу: