30 қараша күні Ахмет Байтұрсынұлы атындағы BINOM SCHOOL мектеп-лицейінде «Бүгінгі әке: жауапкершілік пен мүмкіндіктер» тақырыбында әкелер форумы ұйымдастырылды. Бұл іс-шара қазіргі қоғамдағы әкелердің рөлін арттыру, олардың бала тәрбиесіне белсенді қатысуын қамтамасыз ету және отбасы институтын нығайту мақсатында өткізілді. Форумға BINOM мектептер желісінен 200-ден астам әке қатысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Форумның негізгі мақсаты – қоғамдағы әкенің кеңейтілген отбасылық рөлін насихаттау, бала тәрбиесіндегі жауапкершілікті күшейту және әкелер институтын дамыту. Әкелер форумында екі бөлім қамтылды: пленарлық бөлім және сессиялық бөлім.
Пленарлық бөлімде қатысушылармен тәжірибе алмасу мақсатында бірнеше беделді ұйымдардың өкілдері сөз сөйледі:
Бұл бөлімде әлеуметтік-мәдени мәселелерді шешуге бағытталған түрлі бастамалар мен халықаралық тәжірибелер талқыланды.
Сессиялық бөлімде әкелер бірнеше тақырыптық бағыттар бойынша ақпарат алды:
Сессиялар интерактивті форматта өтіп, әкелер маңызды практикалық кеңестер мен шешімдер алды.
Іс-шара аясында «Жошы» этно-фольклорлық ансамблі өнер көрсетті.
2024-2025 оқу жылынан бастап Ахмет Байтұрсынұлы атындағы BINOM SCHOOL-да «Әкелер кеңесі» құрылды. Бұл кеңес әкелердің бала тәрбиесіндегі рөлін нығайтып, мектеппен тығыз қарым-қатынаста болуына мүмкіндік береді.
Форум нәтижесінде қатысушылар қоғамдағы әкенің рөлін нығайту, отбасы институтын дамыту және бала тәрбиесіне жаңа көзқараспен қарау бойынша маңызды тәжірибе жинақтады. Әкелер өзара пікір алмасып, заманауи тәрбиенің сын-қатерлерін шешуге бағытталған нақты қадамдарды анықтады.
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы BINOM SCHOOL мектеп-лицейі қоғамдағы тәрбиелік және мәдени мәселелерді шешуге үлес қосып, ата-аналар мен балалар үшін бірегей алаң қалыптастыра білді. Ұйымдастырушылар алдағы уақытта да осындай іс-шараларды тұрақты түрде өткізуді жоспарлап отыр.