04.07.2025
19:37
7166
Елордадағы Арыс көпірі жөндеу жұмысына байланысты жабылады

Елордадағы Арыс көпірі жөндеу жұмысына байланысты жабылады

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Арыс көпірінде орташа жөндеу жұмысын бастайды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Елорда әкімдігінің мәліметінше, осыған байланысты, 7-16 шілде аралығында аталған учаскеде қозғалыс ішінара жабылатын болады. Осы уақытта көлік қозғалысы екі бағытта бір жағынан кезең-кезеңімен ұйымдастырылады.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады.