Елордада бала күтушісі үй иесінен 3 мың доллар ұрлап кеткен

8 Маусым 2022, 10:54 2259

Фото: Baq.kz

Есіл ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде, үй иелерінен ақша қаражатын ұрлады деген күдікпен күтуші болып жұмыс істеген әйелді ұстады, деп хабарлайды El.kz қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тергеу барысында 31 жастағы әйелдің аталған отбасыға бала күтушісі болып жұмысқа орналасқаны анықталды. Ол бір ай жұмыс істегеннен кейін шкафта жатқан ақшаны байқайды, кейін иелерінің жоқтығын пайдаланып мезгіл-мезгілімен ұрлық жасаған. Жалпы алғанда, ол 3000 АҚШ долларын ұрлаған. 

Бала күтушісі тарапынан ешқандай шағымдар болмаған, бірақ бір күні үйдің иесі ақшаның жоғалғанын байқап, полицияға жүгінген. Аталған фактіге байланысты ҚР ҚК 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті өз кінәсін мойындады. Оның елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығына тексеру жүргізілуде.

«Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті жұмыс берушілерге бөгде адамдарды жұмысқа қабылдамас бұрын олардың өткен өміріне қызығушылық танытуды, құжаттардың көшірмелерін, ұсыныс хаттарды талап етуді, сондай-ақ қырағы болуды, құнды заттарды қараусыз қалдырмауды және бейтаныс адамдарға сенбеу керегін еске салады», - делінген Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті.



Бөлісу: