Елордада қала күнінде 78 сәби дүниеге келді

7 Шілде 2022, 18:44 5252

Дүниеге келген сәбилер саны былтырғыдан 7,6 пайызға аз

Кеше Астана күні мерекесінде Нұр-Сұлтан қаласында 78 нәресте дүние есігін ашты, деп хабарлайды El.kz қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

6 шілде күні елордада 78 бала өмірге келді. Олардың 46-сы - ұл, 32-сі - қыз бала. Сәбилердің дүниеге келуі туралы есеп 6 шілде күні түнгі сағат 00:00-ден 24:00-ге дейін жүргізілді.

Еске салсақ, биыл жаңа жылда Нұр-Сұлтан қаласында 16 бала дүниеге келген еді. Ал маусымда өткен референдум күні елордада 65 сәби туды. Оның 36-сы - ер бала, 29-ы - қыз бала. Айта кетсек, Ұлттық статистика бюросының биыл қаңтар-сәуірдегі демографиялық ахуал туралы мәліметіне сәйкес, дүниеге келген сәбилер саны былтырғыдан 7,6 пайызға аз.






Бөлісу: