Елордада жылыту пешінің істен шығуынан 25 адам уланды

21 Ақпан 2023, 19:01 995

Елордада жылыту пешінің істен шығуынан 25 адам улы газдан уланған, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. Бұл туралы ТЖМ мәлімдеді.

"21 ақпанда 08 сағат 50 минутта 103 жедел жәрдемнен 4 қабатты жеке жатақхананың бірнеше бөлмесінің тұрғындарының улы газбен улануы туралы хабарлама түсті. 25 адам, оның ішінде 9 бала улы газбен уланған", делінген хабарламада.

Бұрын осы объектіде ұқсас оқиға болған, оның нәтижесі бойынша өрт сөндірушілер өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша тиісті ұсынымдар жасаған, ал өрт қауіпсіздігінің өмірлік маңызды талаптарын бұзу туралы материалдар әкімдікке  МСҚББ, тұрғын үй инспекциясына, МКД-ға жіберілген.

Өз кезегінде өрт сөндірушілер бұл объектіні бақылауға алып, өрт қауіпсіздігі нормаларын сақтау жөнінде жадынамалар тарата отырып, екі рет профилактикалық түсіндіру әңгімелесу өткізді.

Бүгінгі күні уланудың себебін нақтылау және анықтау үшін оқиға орнына анықтаушы және сынақ зерттеу өрт зертханасы жіберілді.

Алдын ала себеп – қатты отынмен жұмыс істейтін жылыту пешінің істен шығуы. Тұрғын үйді жатақханаға өзгерткен.

Объект өрт автоматикасы жүйелерімен жабдықталмаған. Тұрғын үйді жатақханаға ауыстыруға арналған құжаттар жоқ.

«Жамақхана» Республикалық профилактикалық акциясы шеңберінде ішкі істер органдарымен бірлесіп, 2022 жылғы 13 қыркүйекте жоғарыда көрсетілген мекенжай бойынша профилактикалық жұмыс жүргізілді, оның барысында өрт қауіпсіздігі бойынша жадынамалар таратылып, тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі шаралары түсіндірілді.

2023 жылғы 19 қаңтарда осы мекенжай бойынша қайта аралау жүргізілді, оның барысында өрт қауіпсіздігі жөніндегі жадынаманы тапсыра отырып, тұрмыста өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтау бойынша қосымша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

2023 жылғы 27 қаңтарда 15 ш.м алаңда осы объектіде осындай факт болды, нәтижесінде 16 адам, оның ішінде 11 бала эвакуацияланды.

EL.KZ
Бөлісу: