Елордада жерге түкірген тұрғындарды камералар анықтайды

18 Тамыз 2022, 12:24 1453

Тәртіп бұзушылар көлік нөмірі бойынша анықталады

Елорданың мәслихат депутаттары жерге түкіргені үшін жазаны қатаңдатуды ұсынды. Осы мақсатта бейнебақылау камераларын пайдалану арқылы жазалау жұмысын жандандыру ұсынылды, деп хабарлайды El.kz әкімдікке сілтеме жасап.

Тәртіп бұзушылар көлік нөмірі бойынша анықталады. Бұл шаралар тәртіп бұзушылықтар санын азайтуға мүмкіндік береді.

Көшеде, қоғамдық орындарда түкіруге және қоқыс тастауға тыйым салынады. Тәртіп бұзушылар жауапкершілікке тартылады, яғни әкімшілік айыппұл салынады. Көшеде және қоғамдық орындарда түкіру ерсі көрініп қана қоймай, түрлі бактериялардың таралуына әкелуі мүмкін.

Осындай жағдайға куә болған тұрғындар құқық қорғау органдарына жүгіне алады, сөзін растау үшін фото немесе видеоның қоса беру қажет.

Тек бірлесе отырып, қаланы таза ұстауға және коммуналдық қызмет мамандарының еңбегіне құрмет көрсетуге болады. Қала тұрғындары мен қонақтарын мәдениет пен қарапайым тәртіпті сақтауға шақырамыз.

Бөлісу: