Елордада Жаңа жыл мерекесі қалай атап өтіледі?

29 Желтоқсан 2022, 10:00 1218

Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты мәлім етті

Жаңа 2023 жыл қарсаңында Астанада кез келген жастағы қонақтар мен қала тұрғындары үшін ондаған мерекелік іс-шара өткізіледі. Астаналықтарға арнап ертеңгіліктер, қойылымдар, концерттер ұйымдастырылады, салют те атылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

 «Жастар» театрында 29 желтоқсан күні түстен кейін «Золушка» ертегісін көрсететін жаңажылдық ертеңгіліктер ұйымдастырылады.

Қуыршақтар театры 28-30 желтоқсан күндері көрермендерге арнап «Жаңа жыл» қуыршақ шоуын өткізеді.

29 желтоқсанда сағат 11:00 және 15:00-де мемлекеттік академиялық филармонияда «Қояндар» атты жаңажылдық шоу-спектакль өтеді.

Сол күні сағат 10:00, 12:30 және 15:00-де, сондай-ақ 30 желтоқсанда сағат 12:30-да «Жастар» сарайы жаңажылдық «Қоянды кім ұрлап кетті?» атты ертеңгіліктерін, сол сияқты оқушыларға арналған дискотека өткізеді.

Сағат 11:00-де Сәкен Сейфуллин мұражайы №80 мектеп оқушыларымен кездесу өткізеді.

QAZAQSTAN ОКЗ сахнасында сағат 19:00-де Neprosto orchestra концерті өтеді. Осы уақытта «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры Балнұр Қыдырбектің «Қалқаман-Мамыр» опера-балет премьерасын ұсынады.

29, 30 және 31 желтоқсан күндері сағат 19:00-де «Астана Балет» театрында Петр Чайковскийдің «Щелкунчик» қойылымы көрсетіледі.

31 желтоқсанда сағат 11:00 және 13:00-де Музыкалық жас көрермен театрының сахнасында Уфимцевтің «Щелкунчик» ертегісінің премьерасы өтеді.

Сол күні сағат 12:00-ден 16:00-ге дейін «Жаңа жыл – жаңа жол» концерті елорданың барлық ауданының елді мекендерінде, нақтырақ айтқанда Кирпичный, Өндіріс, Көктал, Үркер, Интернациональный елді мекендерінде ұйымдастырылады.

Қалалық алаңда, «ЭКСПО» көрме орталығының жанындағы алаңда, «Қазақ елі» монументінің жанында сағат 22:00-ден 3:00-ге дейін кешкі мерекелік концерт өтеді.

Жаңа жыл қарсаңында сағат 00:00-де Астанада демеушілік қаражат есебінен салют ұйымдастырылады.

Салют екі орында өтеді. Оны Есіл өзенінің жағасындағы Кенесары хан ескерткіші маңынан, Ботаникалық бақтан, Қабанбай батыр мен Бұқар Жырау даңғылдарының қиылысы аумағынан көруге болады.

Салют биіктігі: төменгі 70 метр, орташа 120 метр, жоғарғысы 180-210 метр. Барлығы 3,5 мың оқ атылады.

EL.KZ
Бөлісу: