Елордада жалпықалалық сенбілік өтеді

15 Қыркүйек 2023, 09:40 860

16 қыркүйек күні Астанада "Жасыл Астана" экологиялық айлығы аясында жалпықалалық сенбілік өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі 

Астана қаласы әкімдігінің мәліметінше, осы жұмыс аясында елордада қалалық қызметтерді, еңбек ұжымдарын және белсенді қала тұрғындарын тарта отырып, бірнеше коммуналдық және жалпықалалық сенбіліктер өткізіледі.

Ағаштарды жинау және отырғызу учаскелерін нақтылау үшін қала тұрғындары аудан әкімдерінің аппараттарына келесі телефон нөмірлері бойынша жүгіне алады:

Алматы ауданы: 8 747 032 65 07;

Байқоңыр ауданы: 8 701 553 26 27;

Сарыарқа ауданы: 8 701 272 50 71;

Есіл ауданы: 8 778 900 18 61;

Нұра ауданы: 8 701 719 91 39.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: