08.09.2022
12:57
1676
Елордада жұмыс жәрмеңкесі өтеді

Елордада жұмыс жәрмеңкесі өтеді

Елорданың «Жастар» сарайында қаладағы бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды El.kz Нұр-Сұлтан әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Аталған жәрмеңке жұмыс іздеп жүрген азаматтардың қызметке тұруы үшін өткізіледі. Оған 50-ден астам жұмыс беруші қатысады.

Жәрмеңке 8 қыркүйек күні сағат 14:00-ден 17:00-ге дейін Республика даңғылы, 34 мекенжайы бойынша өтеді.