Елордада үздік ғылыми жоба сайысының жеңімпаздары марапатталады

11 Желтоқсан 2019, 18:00 2162

12 желтоқсанда сағат 14.30-да Нұр-Сұлтан қаласының Достық үйінде (Б.Момышұлы, 24/9) Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында Қазақстан халқы Ассамблеясы Ғылыми-сарапшылық кеңесінің кеңейтілген отырысы өтеді.

Шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Жансейіт Түймебаев, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Е. Әбіл, ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры З. Шаукенова, ҚХА мүшелері, Ғылыми-сарапшылық кеңесі мен этномәдени бірлестіктердің өкілдері, ҚХА аймақтық ғылыми-сарапшылық топтары мен кафедралары, қоғам қайраткерлері мен зиялы қауым өкілдері қатысады деп күтілуде.

Шара барысында Ассамблеяның ғылыми-сарапшылық бағыты бойынша тапсырмалардың орындалу барысы, Орталық Азия өңіріндегі этносаралық және конфессияаралық қатынастарды зерттеу орталығының жұмыс нәтижесі, сондай-ақ «Қазақстандағы этностар: ел дамуына қосқан үлесі» жобасының жүзеге асуы және жалпы зерттелуі бойынша жұмыс жоспарының орындалу барысы сияқты бірқатар маңызды сұрақтар талқыланбақ.

Шара соңында қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің моделіне арналған үздік ғылыми жоба сайысының жеңімпаздары марапатталады.

Бөлісу: