Елордадағы ерекше марафон. "Сен менің жүрегімнің чемпионысың!"

3 Тамыз 2022, 01:33 1658

Іс-шара Қазақстанда алғашқы жүрек трансплантациясының 10 жылдығына орайластырылған.

Нұр-Сұлтанда "Сен менің жүрегімнің чемпионысың!" атауымен "Жүрек орталығы" қоры ұйымдастырған қайырымдылық жарысы өтеді, деп хабарлайды EL.KZ.

Іс-шара Қазақстанда алғашқы жүрек трансплантациясының 10 жылдығына орайластырылған.

Жарыс 7 тамызда өтеді. Іс-шараның өткізілуіне байланысты осы күні таңғы сағат 8:00-ден 10:00-ге дейін көшелердің келесі учаскелері жабылады:

- Түркістан көшесі Орынбор көшесінен басталып, Бұқар жырау көшесі, Ұлы Дала даңғылы арқылы өтіп, EXPO алаңын толығымен айналып өтеді;

- Ақмешіт көшесі EXPO алаңынан Ұлы Дала даңғылы арқылы Бұқар жырау көшесіне дейін.

Сондай-ақ Орынбор, Түркістан және Бұқар жырау көшелерінің бойындағы Ботаникалық бақ аумағындағы тұрақ орындарының кіреберістері мен шығуларын тиісті уақыт кезеңінде жабу жоспарланып отыр.

Елорда тұрғындары мен қонақтарын қала жолдарында кептеліс тудырмау үшін өз маршруттарын алдын ала жоспарлап, түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз - дейді жарысты ұйымдастырушылар.


EL.KZ
Бөлісу: