Елордадағы жәрмеңкеде Қызылорда облысының өнімдері ұсынылады

7 Қыркүйек 2022, 15:08 1109

17-18 қыркүйек күндері Алматы және Жетісу облыстарының кәсіпкерлері өз өнімдерін ұсынады

Нұр-Сұлтан қаласында 10-11 қыркүйекте өтетін ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінде Қызылорда облысы өз өнімдерін ұсынады, деп хабарлайды El.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Бұл өңірдің 70-ке жуық тауар өндірушісі елордаға 500 тоннадан астам өнім әкелмек. Олар: 210 тонна асқабақ, 100 тонна күріш, 80 тонна көкөніс пен жеміс, 50 тонна асқабақ, 30 тонна балық өнімдері, 15 тонна ет, 10 тонна сүт өнімдері, 5 тоннаға жуық кондитерлік өнімдер және 3 тонна ас тұзы.

Еске салайық, бұл жәрмеңке облыстың ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілеріне өз өнімдерін тұтынушыларға делдалсыз тікелей өткізуге мүмкіндік береді, нәтижесінде ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасы нарықтағы бағадан 10-20 пайызға төмен болады.

Жәрмеңкелер 13 қарашаға дейін әр сенбі және жексенбі күндері өтеді. Өтетін орны: «Астана-Арена» стадионының жанындағы алаң, Тұран 48.

17-18 қыркүйек күндері Алматы және Жетісу облыстарының кәсіпкерлері өз өнімдерін ұсынады.

Бөлісу: