11.11.2022
20:37
1367
Елордада тұрғын үйлер жылусыз қалды

Елордада тұрғын үйлер жылусыз қалды

Астана қаласының Сарыарқа ауданында жылу беру құбыры жарылды, деп хабарлайды El.kz

«КамАЗ жүргізушісі мұнара кранының құрылымын тасымалдау кезінде сыртқы магистральдық жылу беру тарссасын зақымдады. Салдарында Сарыарқа ауданы, Ы.Дүкенұлы көшесі, 30-үйдің маңында құбыр жарылды. Зақымданған аумақты оқшаулаумен «Астана-Теплотранзит» АҚ-ның жедел мобильді топтары айналысып жатыр», - делінген хабарламада.