Елордада тонауға қатысы бар күдікті ұсталды

23 Шілде, 12:47 493

Елордада полицейлер тонауға қатысы бар күдіктіні ұстады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Алматы ауданы ПБ полиция қызметкерлері тонауға қатысы бар деген күдікпен қаланың 27 жастағы тұрғынын анықтады. Тергеу барысында анықталғандай, күндізгі уақытта ер адам сауда залына келіп, телефондар тұрған сөрелерге жақындаған.

Гаджеттерді қараған кейіп танытып, ол iPhone 15 Pro телефонын қауіпсіздік жүйесінен жұлып алып, қылмыс орнынан қашуға асыққан. Дүкен қызметшілері күдіктіні өз бетінше тоқтатуға тырысқанымен, ол сауда залынан қашып үлгерген.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оның елорда аумағында жасалған басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: