Елордада такси жүргізушісін тонаған азаматқа қатысты тергеу басталды

4 Тамыз 2023, 17:15 949

Елордада такси жүргізушісін тонаған азаматқа қатысты тергеу басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алматы ауданының ПБ-ға елорда тұрғыны мүлікті ашық ұрлау дерегі бойынша арызданған.

Оқи отырыңыз:

Жәбірленушінің айтуынша, ол қала бойынша жеке тасымалдау жұмысымен айналысқан. Сонымен көлік иесі түнгі сағат 02:20 шамасында Құдайбердіұлы көшенің мекенжайына келіп, терезесі ашық көлікте клиентті күтіп тұрған. Алаңсыз еш нәрседен күдіктенбей, өзінің Samsung маркалы телефонын пайдаланып отырғанда, кенеттен белгісіз біреу оның ұялы телефонын қолынан жұлып алып, оқиға орнынан “ізін суытқан”.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осыған ұқсас қылмыстарға бірнеше рет қатысқан 35 жастағы ер адам анықталды. Айғақты зат иесіне қайтарылды.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 191 бабының 1-бөлігі (Тонау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Равиль Ашығали
Бөлісу: