08.08.2022
16:17
1137
Елордада түнгі автобустар қозғалысы тоқтатылады

Елордада түнгі автобустар қозғалысы тоқтатылады

9 тамыздан бастап елордада түнгі автобустар жүрмейді, деп хабарлайды El.kz

«Нұр-Сұлтан қаласының халықаралық әуежайының жұмысы штаттық режимде қалпына келді. Осыған байланысты, ертең, 9 тамыздан бастап №10 бағдардың түнгі автобустарының қозғалысы тоқтатылады. Бағдар қалыпты режимде сағат 6:00-ден 23:00-ге дейін жүреді», делінген City Transportation Systems компаниясының Facebook парақшасында жарияланған ақпаратта.

Еске сала кетейік, елорадалық әуе айлағының түнгі жұмыс режиміне уақытша көшуіне байланысты 15 шілдеден бастап түнгі автобустарды іске қосу туралы шешім қабылданған болатын.