Елордада спорт күніне орай параспортшыларды марапаттады

15 Тамыз 2023, 15:30 1122

Елордада спорт күніне орай параспортшыларды марапаттады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

QAZAQSTAN спорт кешенінде Астана қаласы әкімдігінің Балалар – жасөспірімдер спорт мектебі, мүгедектігі бар адамдарға арналған спорт мектебінің «Спорт күні» кәсіби мерекесіне арналған іс – шара ұйымдастырылды. Салтанатты жиынның шымылдығын Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен құттықтау сөзбен ашты.

Елордалық спортшылардың әлемдік додалардағы жеңістері, жоғары нәтижелері еліміздегі спорт саласының тоқтаусыз дамып келе жатқанының бірден-бір дәлелі. Олар еліміздің көк туын көкке көтеріп, «Қазақстан» атауын дүниежүзіне танытып, ел абыройын асқақтатып жүр. Токио қаласында арбамен билеуден өткен халықаралық жарыста біздің жерлестеріміз Ардақ Отарбаев, Севда Әлиева, Айдана Бегленова бірден төрт медальмен елге оралған болатын. Осы сынды жетістіктеріміз күннен-күнге артып, ел спортының дамуына үлкен үлес қосуда. Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын! Жеңісті әрі жемісті күндеріміз көп болсын! – деді қала әкімінің орынбасары.

Аталған іс-шараға қатысқан, халықаралық пара бишілер арасында өткен жарыстың және паракаратеден республикалық турнирдің күміс жүлдегері Севда Алиева да алға қойған мақсатымен бөлісті.

Барша әріптестерімді мерекесімен құттықтаймын! Спортшыларымыз алдағы жарыстарда Қазақстанның атын әлемге таныта берсін! Менің де мақсатым осы. Паралимпиадаға қатысып, сол доданың үздігі болғым келеді. Олипиаданың алтын алқасын өзіммен бірге Қазақстанға әкелу жоспарда бар. Сол үшін тынбай, бар күшімізді салып, еңбектеніп жатырмыз, - деді С.Алиева.

Одан бөлек, жиында 2023 жылдың бірінші жартыжылдықтың қортынды есебі мен жаңа 2023 – 2024 жылдың жоспарын айтылды. Оған қоса,  спорт күні мерекесіне орай сала қызметкерлері мен спортшыларға алғыс хат пен арнайы сыйлықтар табысталады.

Равиль Ашығали
Бөлісу: