Елордада «Шаңырақ» атты жаңа мурал пайда болды

2 Тамыз, 15:56 376

Сарыарқа ауданы Қарталы көшесі 5/1 мекенжайында «Шаңырақ» атты жаңа мурал пайда болды. Қазақ отбасы ұлттық киіммен өрнектелген бұл муралда салт-дәстүр мен ұрпақтар сабақтастығы, бірлігі бейнеленген, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Әкімдіктің мәліметінше, муралдың орталық элементі шаңырақ, яғни қазақ үйдің жоғарғы бөлігі, тектілік, қарашаңырақ (үй) бейнеленген. Шаңырақ қазақ мәдениеті мен отбасылық құндылықтардың негізін білдіреді. Жанұя бейнесінің жоғарғы тұсындағы шаңырақтың суреті отбасылық тығыз байланысты, үйлесімділік пен ата-бабаларға деген құрметтің маңыздылығын еске салады.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: