Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Абай даңғылынан С.Сейфуллин көшесіне дейінгі учаскеде Сарыарқа даңғылындағы жол төсеміне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Осыған байланысты 23-24 маусым аралығында жоғарыда аталған учаске Сарыарқа/Абай және Сарыарқа/Сейфулин қиылыстарын қоса алғанда, толығымен жабылады.
Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.