Елордада садақ атудан халықаралық турнир басталды

15 Маусым 2023, 14:30 739

Астана қаласында садақ атудан «Grand Prix Astana» II халықаралық турнир басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жарыс Qazaqstan жеңіл атлетика кешенінде өтіп жатыр.

Биылғы додаға Қазақстаннан өзге Түрікменстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Судан, Пәкістан, Қырғызстан, Ресей, Корей, Беларусь елдерінен мергендер қатысуда. Мұндай халықаралық сайыстың елімізде, оның ішінде еңселі елордамызда өтіп жатқаны біз үшін үлкен мәртебе және үлкен жауапкершілік. Жарыстың мақсаты – мергендік дағдыны жетілдіруде тәжірибе алмасу және достық қарым-қатынасты нығайту. Бүгінгі жарыста үздіктің үздігі жеңіс тұғырынан көрінеді деп сенеміз, – деді қалалық Спорт басқармасының басшысы Самат Жылқыбаев.

Фото: gov.kz

Айта кетейік, аталмыш додаға әлемнің 10 елінен 125-ке жуық мерген қатысуда. Олар бес күн бойы әртүрлі қашықтық, жылдамдық және түрлі нысанаға оқ атудан кіл мықтыны анықтайтын болады.

Фото: gov.kz

Равиль Ашығали
Бөлісу: