27.05.2023
19:38
1203
Елордада қураған ағаш пен бұталардан өрт шықты

Елордада қураған ағаш пен бұталардан өрт шықты

Елордада қурап қалған ағаштар мен бұталар өртеніп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әлеуметтік желіде тараған видеодан Көктал-1 тұрғынүй алабының маңында Қорғалжын тасжолы бойында түтіннің таралғанын байқауға болады.

Астана ТЖД таратқан дерекке сәйкес, өрт сөндіруге бригада 27 мамырда 16:14-те аттанған.

Өрт сөндірушілер шамамен 1 гектар аумақта қураған ағаштар мен бұталардың өртеніп жатқанын анықтады, - делінген қалалық ТЖД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Тілсіз жау орнында қала әкімдігінің үш суарып жуатын машинасы жұмыс істеп жатыр.