Осы жылдың 12-15 желтоқсан аралығында елорда аумағында криминогендік жағдайды тұрақтандыру, қоғамдық тәртіпті, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда, оның ішінде азаматтардың жаппай болатын орындарында қылмыстардың алдын алу мен жолын кесу мақсатында «Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу іс-шарасы өтуде.
Іс-шараны өткізу барысында учаскелік инспекторлар өздерінің әкімшілік учаскелерінде визит карточкаларын бере отырып, пәтерлерді, сондай-ақ аулаларды аралайтын болады. Сондай-ақ пәтерлерді, үй-жайларды, үйлерді, жалдамалы тұрғын үйлерді, жатақханаларды және басқа да объектілерді анықтап, жалға берушілердің тізімін жасау, - делінген таратылған ақпаратта.
Бұдан басқа, полиция қызметкерлері ІІО-да есепте тұрған адамдарды тексеруді және елорданың тұрғындары арасында ұсақ құқық бұзушылықтарға «нөлдік төзімділік» қағидатын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жүргізетін болады.
Астана қаласының Полиция департаменті азаматтарға қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын бұзбауды ескертеді. Құқықтық тәртіпті бұзу фактілері туралы полицияға немесе 102 мобильді қосымшасына хабарлауыңызды сұраймыз.